Мектеп директоры

 

Тулешова Гулмира Есенкелдиевна

Тулешова Гулмира Есенкелдиевна  1969 жыл маусым айының 6-шы жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар елді мекенінде дүниеге келген.

1976-1986 жылдар  аралығында  М.Горький  (қазіргі  Елшібек батыр  атындағы)   жалпы  орта  мектебін  үздік оқып бітірген.

1986-1990  жылдар аралығында  Алматы  қаласындағы  мемлекеттік  қыздар  пелагогикалық   институтының  физика  факультетін  бітірген.

Еңбек  жолын  1990 жылы  М.Горький (қазіргі Елшібек батыр атындағы)   жалпы орта мектеп  жанындағы  интернатта  тәрбиеші  және  физика  пәні  мұғалімі  болып  бастайды.

1993 жылы  «Балдырған»  балалар  бақшасына  меңгеруші  етіп  ауыстырылып, тағайындалады.

2000 жылы  Елшібек  батыр  атындағы  орта  мектеп-лицейдің  директордың  тәрбие-ісі жөніндегі  орынбасары  болып  тағайындалса, ал 2007 жылы  Елшібек батыр атындағы орта мектеп-лицейдің  директоры болып қайта тағайындалады.

2009 жылы Кенен Әзірбаев атындағы жалпы орта мектебінің директорлығына ауыстырылып қайта тағайындалады.

2015 жылдан бастап «Қарабастау»  жалпы орта білім беретін мектебінің  директоры болып  жұмыс атқаруда.

    Марапаттары:

      Алғыс хат.  1 қазан-мұғалімдер күні мерекесіне орай  Еліміздің  болашағы-жас жеткіншектерге саналы білім, сапалы тәрбие берудегі жемісті еңбегі үшін  марапатталды. 2006ж. Аудан  әкімі  Н.Әжіметовтен.

       Алғыс хат. Аудандық  қыздар  арасында  өткен  спорттық  жарыстың  ҮСТЕЛ ТЕННИСІ түрінен  І орынды иеленгені үшін марапатталды.  Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы  Е.Есіркеповтен.

Грамота. Көп жылғы жемісті еңбегі, қоғамдық жұмысқа белсене арласқаны үшін Қазығұрт ауданының грамотасымен марапатталды. Қазығұрт  аудандық  маслихат хатшысы  А.Омаровтан. 2008ж.  Шешім №7/57-IV6.

Алғыс.  8 наурыз  халықаралық  әйелдер  мерекесімен  құттықтауы. Аудандық  білім  бөлімінің  бастығы  Қ.И.Қыстаубаевтан. 2002ж.

      Алғыс хат.  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш президент күніне байланысты  көп  жылдық  еңбегі  мен  белсенді  қызметі  үшін  марапатталады. Облыстық  білім  басқармасының  басшысы А.Елшиевадан. 2014ж.

      Алғыс хат.  Қазақстан  Республикасының  25 жылдық  мерекесімен, Егемен еліміздің  өркендеп  өсуі жолында  білім беру саласындағы  жемісті  еңбегі  үшін  марапатталды. Аудан әкімі  Т.Телғараевтан.  2016ж.

Медаль.  «Желтоқсанның  30 жылдығының»  медальі . Аудан әкімі Т.Телғараевтан.

Алғыс хат.  Ел игілігі үшін адал еңбегіңізбен болашақ ұрпаққа өнеге ретінде жасап жүрген қызметіңіз үшін марапатталды. Облыстық кәсіподақ  төрағасы  Т.Бейсеновтен. 2017ж

      Алғыс хат.  «Бейбіт күннің – батыры»  Мейрамбек  Нұрділлаұлының  еске алу  мақсатында  ұйымдастырылған   волейболдан  облыстық  турнирді  жоғары  деңгейде  өткізгені  үшін  марапатталды. ҚРІІМ  М.Бөкенбаев  атындағы  Ақтөбе  Заң  институты бастық, полиция  полковнигі  Қ.Қабдуевтан. 2019ж.

Алғыс.  Ел мүддесі  жолында  Отаншылдық пен  адал  еңбегіңіз үшін  марапатталды. «Nur Otan»  партиясы Түркістан  облыстық  филиалының  төрағасының бірінші  орынбасары  Б.Тәжібаевтан. 2020ж.

      Құрмет грамотасы.    Тәуелсіз Қазақстанның  Рухани  және әлеуметтік  дамуы  жолында  білім  беру  жүйесін  дамытуға  қосқан  үлесі  үшін  марапатталды.

Білім  министрі  А.Аймағамбетовтан. 2020ж.

       Алғыс хат.  Қазақстан Республикасы Парламентінің  Мәжілісі мен маслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan»  партиясының  айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан  үлесіңіз  үшін  алғыс  білдіреміз.

Нұрсұлтан Назарбаевтан. 2021ж.

Алғыс хат.  Елбасы,  «Nur Otan»  партиясының  Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың  бастамасымен Қазақстанда  жалпыұлттық  деңгейде  тұңғыш  рет  өтен  партияның  сайлауалды  іріктеуіне  белсенді  атсалысқаныңыз  үшін  Сізге  алғыс  айтамыз.

«Nur Otan»  партиясы Түркістан  облыстық  филиалының  төрағасы  Ө.Шүкеевтен. 2020ж.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *