Мектеп директоры Тулешова Гулмира Есенкелдиевна
Тулешова Гулмира Есенкелдиевна  1969 жыл маусым айының 6-шы жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар елді мекенінде дүниеге келген.
      1976-1986 жылдар  аралығында  М.Горький  (қазіргі  Елшібек батыр  атындағы)   жалпы  орта  мектебін  үздік оқып бітірген.
      1986-1990  жылдар аралығында  Алматы  қаласындағы  мемлекеттік  қыздар  пелагогикалық   институтының  физика  факультетін  бітірген.  
      Еңбек  жолын  1990 жылы  М.Горький (қазіргі Елшібек батыр атындағы)   жалпы орта мектеп  жанындағы  интернатта  тәрбиеші  және  физика  пәні  мұғалімі  болып  бастайды.
      1993 жылы  «Балдырған»  балалар  бақшасына  меңгеруші  етіп  ауыстырылып, тағайындалады.
     2000 жылы  Елшібек  батыр  атындағы  орта  мектеп-лицейдің  директордың  тәрбие-ісі жөніндегі  орынбасары  болып  тағайындалса, ал 2007 жылы  Елшібек батыр атындағы орта мектеп-лицейдің  директоры болып қайта тағайындалады.
     2009 жылы Кенен Әзірбаев атындағы жалпы орта мектебінің директорлығына ауыстырылып қайта тағайындалады.
     2015 жылдан бастап «Қарабастау»  жалпы орта білім беретін мектебінің  директоры болып  жұмыс атқаруда.