Мектеп тарихы

Ауылдағы  білім  беру  ісі  сонау  1928  жылдардан  бастау  алады.  1928  жылы  Шымкент  уезіне  іс-сапармен  келген  халық  ағарту  комиссары  Ахмет  Байтұрсынов  уезге  қарасты  елді  мекендерден  сауатты  адамдарды  іздестіріп, шақыртып  сауатсыздықты  жою  жөнінде  мәжіліс  өткізеді.  Сол  мәжіліске  ауыл  азаматы,  ескіше  білім  алған  Садыбаев  Мәлік  қатысып,  Ахмет  Байтұрсыновтың  қолынан  төте харіпке  негізделіп  жазылған  әліпбиді,  жазу-сызу  құралдарын,сондай-ақ,  «Қызыл  отау»  ұйымдастыру  үшін киіз үйді  қоса  береді. Сол  жылы  ауылда  сауатсыздықты  жою  үшін  «Қызыл  отау»  ұйымдастырылып,  ауыл  тұрғындарының  сауатын  ашу  үшін  жұмыстар  қолға  алынды. 1929  жылы  ірі  байларды  кәмпескелеу  барысында  ауылдағы  тұрғындардың  кеңес  үкіметінің  солақай  саясатына  наразылығы,  жаппай  елден  жыраққа,  өзге  елдерге қашып  кетуге  жеткізеді.  Ауылда  4-5  шаңырақ  ғана  қалып,білім  беру  ісі  тоқтайды. 1931 жылы  үкіметтің  босқындарды елге  қайтару ісі  қолға  алынғаннан кейін барлық  жерде  ауыл  тұрғындары  ауылға  орала  бастайды.  Білім  беру  ісі  қайта  қолға  алынады.  Мектеп  ретінде ауылдағы  тәуір  үйлер, сондай-ақ,  колхоз  атқорасы  пайдалануға  беріледі.  Ашаршылық,  соғыс  жылдары  да білім  беру  ісі  де  жалғасын  табады.   Арнайы мектеп  үйі 1933 жылы «Сармолда» деген атпен  өз ісін жалғастырады. Екі бөлмеде 1 сыныппен 3 сынып, 2 сыныппен 4 сынып  оқушылары  біріктіріліп  оқытылады.  Садыбаев  Мәлік  бастауыш  мектептің  меңгерушісі  ретінде ұзақ  әрі  жемісті  еңбек етіп, 1973 жылы  зейнеткерлікке  шығады.  Осы  жылдар  аралығында  мектеп  атауы  «Каганович» болып та  өзгертілді.   1973-1986 жылдар аралығында Садыбаева Қаныш бастауыш мектептің  меңгерушісі  ретінде басшылық  қызметте  болды.1964 жылы  шаруашылықтың  қаржысымен  жаңа мектеп  үйі  салынады.  Мектеп «XXІ партсьезд» атындағы  бастауыш  мектебі  аталған.  1986 жылы совхоздың  қаржысымен  кең, жарық  мектеп  үйі  тұрғызылып «ХХІ партсьезд»  атындағы  сегізжылдық  мектепке  айналады. 1986-1991 жылдар аралығында  Жүнісов  Балтабай  директор  болып  қызмет  атқарады. Мектепті  қалыптастыру  үшін  қыруар  ұйымдастыру  жұмыстарын  сәтті  жүргізе  отырып,  нәтижелі  еңбектенді. 1991-2007 жылдар  аралығында  Қалықбай  Құлмаханбет  директор  бола  жүріп,  кадрларды іріктеуде  және  орналастыруда, мектепке  қосымша қаржы  көздерін  игеріп,  материалдық-техникалық  базасын  нығайтуда  еңбектенеді.  2001 жылы  аудандық  атқару комитетінің  шешімімен «Қарабастау»  негізгі  мектебі  болып  атауы  өзгертіледі. 2001 жылы  120 орындық  мектеп  үйін  салу  қажеттілігі  туындап,  қосымша  табылған  қаржыға,  сондай-ақ, ауыл  тұрғындарының  демеушілігі  мен қосымша  мектеп ғимараты салынды.Мектеп құрылысы  2002 жылы  бітіп  сол жылы  қыркүйекте   пайдалануға  берілді.  Әрі  жалпы  орта  мектеп  статусын  алды, білім  беру  аясы  кеңейтілді.  2007-2008 жылдары аралығында мектеп  директоры  болып Исаев  Бек  қызмет  атқарды. 2008-2012  жылдар арлығында  Уразов  Әлімжан мектеп  директоры болып    қызмет  атқарды. 2012-2015 жылдары  Жүзбаев Сейітбек мектеп  директоры қызметін атқарды.  Осы  жылдары  2013  жылы  ауыл  азаматы  кәсіпкер  әрі  мецанат  Төлендиев  Бекасылдың  жаңа  үлгідегі  200  орындық  мектеп  үйін  тұрғызуға  бастама  көтерді. Жаңа  мектеп құрлысы 2013 жылы  басталып,  2014  жылы  заманауи мектеп  ғимараты пайдалануға берілді. 2015  жылы Тулешова  Гүлмира  мектеп  директоры қызметіне  кірісті.  Қазіргі  таңда  мектепте 43 мұғалім , 21 кіші  техникалық  қызметкер жұмыс  істейді.  240  оқушы  сапалы да, саналы  білім  алуда.

«Қарабастау»   жалпы  орта  мектебінде   басшылық  қызметте  болған  адамдар.

 

  1. 1933-1973 жылдары     Садыбаев  Мәлік
  2. 1973-1986 жылдары     Садыбаева  Қаныш
  3. 1986-1991 жылдары     Жүнісов  Балтабай
  4. 1991-2007 жылдары     Қалықбай   Құлмаханбет
  5. 2007-2008 жылдары     Исаев   Бек
  6. 2008-2012 жылдары    Уразов  Әлімжан
  7. 2012-2015 жылдары     Жүзбаев  Сейітбек
  8. 2015 жылдан Тулешова  Гүлмира

Қазіргі  таңдағы  кадрлардың сапалық және сандық құрамы:

Жалпы  мұғалім  саны -45.

Оның ішінде педагог- модератор саны -10,  педагог-сарапшы саны -10,  педагог зерттеуші саны-8. Жоғары  кәсіптік білімі  бар педагогтардың үлесі : -45 педагогтың, кәсіптік білімі бар және100% жоғары білімді.

   Мектеп оқушыларының  жыл аралық сандық құрамы:

2019-2020 оқу жылында   239  оқушы,

2020-2021 оқу жылында   241  оқушы білім алды.

2021-2022 оқу жылында   244  оқушы білім алуда.